Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы жеке балабақшалар қызметін лицензиялауға қарсы

WhatsApp Image 2022-06-07 at 14.56.51.jpeg


Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне лицензиялау енгізу туралы ұсынысын орынсыз деп санайды. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен брифинг барысында қауымдастық өкілі  Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының құрылтайшысы, «INTELLECity» ЖШС жеке меншік балабақшасының директоры Маржан Ахмеджанова мәлімдеді.


«Лицензия – бұл белгілі бір қызметпен айналысуға рұқсат алу, іс жүзінде нарыққа кіру. Бірақ, балабақшалардың көпшілігі нарыққа кірген ғой, онда лицензия не үшін қажет? Балабақша жұмыс істеу үшін қауіпсіздік және санитария нормалары бойынша тексеруден өтеді. Білім және ғылым министрлігі балабақшалардың бір бөлігін лицензиялау арқылы алып тастағысы келеді. Мемлекет балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша қазіргі деңгейді сақтауға дайын ба?»,– деп сұрақ қойды Маржан Ахмеджанова.


 Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің пікірінше, лицензиялау енгізілсе, көптеген жекеменшік балабақша жабылуы мүмкін. Қазақстанда мектепке дейінгі білім берумен қамту деңгейі айтарлықтай төмендейді. Кәсіпкерлердің 2010 жылдан бері 280 млрд теңгеден аса салған инвестициялары жоғалады. Елеулі әлеуметтік қауіп-қатер орын алуы ықтимал.


Кәсіпкерлер мектепке дейінгі қызметтердің сапасын қамтамасыз ету механизмдері қажет екенімен келіседі. Алайда, сапаны лицензияланы қайта енгізу нәтиже бермейді, дейді сектор өкілдері.


«2008-2009 жылдары елдегі барлық балабақшаның жартысына жуығы, 47%-ы көлеңкеде, бұзушылықтарға жол беріп, жұмыс істеді деп нақты айта аламыз. 2013-2014 жылдары лицензиялау алынып, мемлекеттік білім беру тапсырысын оырндау бағдарламасы қабылданғаннан кейін бұл көрсеткіш 13%-ға дейін төмендеді. Сондықтан лицензиялау енгізілсе, керісінше, көлеңкеде жұмыс істейтін балабақшалардың саны күрт өсетініне сенімдіміз», – деп атап өтті Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының Алматы қаласы бойынша филиал директоры Любовь Айтхожина. 


Қазіргі кезде Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы 2 817 балабақшаның мүддесіне өкілдік етеді. Бұл көрсеткіш жұмыс істеп тұрған барлық жекеменшік балабақшаның (4973 бірлік) 43%-ын құрайды.


 Қауымдастықтың мәліметінше, жекеменшік балабақшалардың үлесі мемлекеттік балабақшаларға қарағанда әлі де аз. Жеке балабақшалар негізінен оңтүстік өңірлерде және Республикалық маңызы бар қалаларда: Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларында шоғырланған. Олардың басым бөлігі мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды, өйткені мемлекеттің қаржылай көмегінсіз бизнестің бұл түрі тиімсіз.


Балабақшада бір баланы күтіп-бағуға жұмсалатын шығыстар 65000 теңгеден басталады және одан жоғары соманы құрайды. Бұдан басқа, балабақшамен мемлекеттік тапсырысты алу үшін ҚР БҒМ (2016 жылғы 29 қаңтардағы№ 122) бұйрығында лицензиялау кезінде бұрын қолданыста болған, бірақ сапаны қамтамасыз етпейтін нормалардың талаптары қайталанады.


«ҚР БҒМ мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мамандарға тікелей байланысты екенін ескермейді. Ал біздің әлеует қандай? Балабақшада көптеген объективті себепке байланысты кәсіби деңгейі жеткіліксіз, еңбекақысы төмен, несиесі бастан асатын, тұрғын үй проблемасы бар тәрбиелеушілер жұмыс істейді. Жастар педагог мамандығын таңдамайды. Мемлекет тарапынан тәрбиелеушілерге қолдау жоқ», – деп мәлімдеді қауымдастықтың Алматы облысы бойынша филиал директоры Алмагүл Батырханова. 


 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәселенің маңыздылығын атап өтті.


Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жекеменшік балабақшалардың позициясын қолдайды. Мектепке дейінгі білім беру саласында көптеген шешілмеген проблема бар, оларды репрессивті әдістермен емес, жағдайды сараптау арқылы шешу қажет. Нарықтың пікірін ескере отырып, осы саланың сапалы дамуы үшін үйлесімді шешімдерді қабылдау керек, – деп атап өтті Палата директоры.



Ұқсас тақырыптар