Бүгінде қазақ даласында қызу талқыға түсіп, кең пікір таласқа ие болып отырған тақырыптардың бірі - АЭС құрылысы. Бұл тақырыптың айтылып жүргеніне де бірнеше жыл болды. Қоғам пікірі де сан алуан. Сарапшылар түрлі пікірдің болуы заңдылық деп есептейді. Дегенмен, электр энергиясының қолжетімділігін, артықшылықтарын жалпақ жұртқа кәсіби тұрғыда жеткізе білу үлкен жауапкершілікті қажет ететінін жоққа шығармайды. Осы орайды Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ-да «Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?» тақырыбында сала мамандарының, сарапшылардың, сонымен бірге студенттер мен магистранттардың бас қосуымен дөңгелек үстел өтті.
Алқалы жиында Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ Ғылми жәнне инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Саухимов атом электр станциясын салуда Қазақстанның мүмкіндігі зор екенін айтты.
«АЭС салудағы негізгі мақсат электр энергиясын өңдеу. Бүгінде елімізде электр энергиясының тапшылығы байқалып отыр. Болашақта тұтыну артпаса, ттөмендемейді. Біздегі генерациялар, электр станциялар ескі. Олардың 70 пайызы көмірді қолданады, қарапайым тілмен көмір станциясы десек болады. Болашақта біз осы көмір станцияларынан бас тартамыз. Оның орнына не кіру керек. Жаңартылатын энергия көздері деп жатыр оны да қолдаймыз. Бірақ жаңартылатын энергия көздері тұрақты емес. Бізге базалық генерация керек. Ол жаңартылатын энергия көздері сияқты емес, энергияны тұрақты түрде беретін станциялар, соның ішінде АЭС - ол ең мықтысы. Ол көмір станциялары сияқты зинды емес», - деген пікірін айтты А. Сухимов. Оның айтуынша, әлемде уран қоры бойынша екінші орында тұрған Қазақстанда АЭС салу үшін барлық мүмкіндік бар. АЭС-те жұмыс атқарара кадрлар мәселесінің шешімі де жоқ емес. Мәселен,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да теориялық және ядролық физика кафедрасы болса, АЭжБУ-де жылу электр станциясы кафедрасы бар. 2019 жылдан бері АЭжБУ-де АЭС бойынша оқу бағдарламасы ашылған. Техниканың барлық саласына арналған институттары бар.
Атом электр станциялары электр энергиясының тапшылығын болдырмайды және елдің ғылыми әлеуетін арттыруға да негіз болады деген пікірде мамандар. АЭС-тің нәтижелі жұмыс атқаруы үшін отандық инженерлік кадрлар тобы мен ғылыми-техникалық кадрлар арасында сабақтастықты арттыру оқу орындарының қажырлы еңбегін қажет ететіндігін айтты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Теориялық және ядролық физика кафедрасының меіңерушісі, ҚР ҚҒА мүше-корреспонденті, ф.-м.ғ.д., профессор Медеу Әбішев. Ол осы оқу орындары бір-бірімен өте тығыз байланыс орнатып, мықты әлеует құруға әзір. Жоғары оқу орындарының өкілдері келесі жылғы арналып жасалатын техникалық тапсырмалар аясында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға АЭС-ті дамыту бағыты бойынша жұмыстар қосуды ұсынды.
Осы жиынға Ядролық физика институтының да маманы келіп қатысты. Қазіргі таңда Ядролық физика институтында Қазақстан бойынша жалғыз зерттеу реакторы жұмыс істейді. Осы институттың нейтронды физика зертханасының аға ғылыми қызметкері Алмас Ысқақов айтқандай: «Зерттеу реакторында 70-тен астам жоғары дәрежелі маман еңбек етеді. Жалпы, оларды АЭС-та жұмыс істеуге дайын мамандар десе болады. Онымен қатар егер АЭС салынар болса, біздің институтта көптеген жұмыс жасауға болады. Атом электр станциясы - таза электр көзі болып табылады. АЭС салынса, еліміздің ғылыми тәжірибелік базасын көтереді. Кеңес одағы ыдырағалы бері елімізде мұндай жоба жүзеге асырылмаған. Егер елімізде АЭС салынар болса, біздің мелмекетіміз технократтық дәуірге кіреді деп сенемін», - дейді Алмас Ысқақов.
Елімізде атом электр станциясы құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша баяндама жасаған «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС-ның бас менеджері Асуан Сиябековтың айтуынша, 2018 жылы олар АЭС салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің маркетингтік бөлімін әзірлеген. Онда АЭС-тың қуаты, орналасу аумағы жазылған. Бұл негіздеме Жапониядағы концорциумда мақұлданған. Келесі кезекте біз АЭС-ті жеткізушілерді, яғни «вендорларды» таңдау жұмыстарын жүргізілген. Тарап 6 вендордың 13 реакторлық технологиясын қарастырған. «Біздің «шорт- параққа» Қытайдың «Сининьси» компаниясының, Оңтүстік Кореяның «Эйчинпи», Ресейдің «РосАтом» компаниясы мен Францияның «Едеф» компаниясының реакторлары жазылды. Осылайша, біз 4 реакторды қарастырып отырмыз. Олар заманауи реакторлар. Үшінші буынды реакторлардың қатарына жатады. Барлығы қуат жағынан бірдей», - деді Асуан Сиябеков. Ол АЭС құрылысының аумағын орналастыруға Қазақстанның екі аумағы қарастырылғанын айтты.
Тақырыптық жиында айтылғандай, АЭС екі мыңға жуық адамды жұмыспен қамти алады. Екі мыңға жуық адамның тек 20%-ы ядролық физика мен атомдық реактор саласының мамандары болмақ. Қалғаны операциялық персонал болады деп болжануда. Мамандар егер елімізде АЭС салынса, ел экономикасына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындары ашылады деген пікірде.
«2,5-3,5 млрд теңгеге дейін салық түседі. Көмір қышқылы газының ауаға таралуы жылына 10 млн тоннаға азаяды. 60 жыл бойы бітпейтін электр энергиясын алуға болады деген болжам бар», - дейді «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС-ның бас менеджері Асуан Сиябеков.
«Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?» тақырыбында өткен жиында атом электр саласын зерттеп жүрген жас ғалым, халықаралық экомномика докторанты, сарапшы Амалбек Өміртай «АЭС қуаттылығына қарай белгілі бір мемлекеттің белгілі бір аумағындағы халықтың, өнеркәсіптердің тұрақты, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр энергиясын өндіруді арттырады. Электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады. Экологиялық таза өнімді үлестіреді. Экономикалық тиімді және шығыны аз», деген пікірін жеткізді.