Қазақстандық әділ сот: әділетті сот жүйесін қалыптастырмай әділетті Қазақстанды құру мүмкін бе?

1.jpg


Әділетті сот жүйесін құрмай әділетті Қазақстанды құру мүмкін бе? Бір қарағанда риторикалық сұрақ болып көрінеді. Алайда бұл сұрақтың негізі бар. 

 Оның үстінде бүгінде сот жүйесіне деген сенім көңіл көншітпейді. Мұндай жағдайға сотты өзінше шешетін судьялардың өзі себеп. 

 Мысалға Ақтау қалалық сотын келтіруге болады. 

 2019 жылы осы қалалық сот дауға ілікті. Сол кезде бейәдеп әрекеті үшін сот төрағасы Мәлік Кенжалиев жұмысынан шығарылған болатын. Сот алқасының тәртіптік комиссиясы Каспий теңізінің жағасында коттедж салу кезінде Мәлік Кенжалиев жұмысқа Өзбекстан азаматтарын жалдағанын анықтады. Ол бригадирмен келісілген соманың жартысын төлемегені және құрылысшылар одан қарызды қайтаруды сұрағанда, Кенжалиев оларды түрмемен қорқытқаны анықталды.

 Содан бері сотта жағдай түбегейлі өзгерді деп санасаңыз, қателесесіз. Біздің қолымызға Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлнар Байтұрова қарайтын істердің бірі бойынша сот отырысының хаттамасы, сондай-ақ басқа да бірқатар құжат келіп түсті.

Аса қауіпті бұзақылар

 Оқиға Ақтау қаласындағы көңіл көтеру орындарының біріндегі төбелестен басталды. Көші-қон полициясының қызметкерлері Әлібек Әділханов, Дархан Айзахов жұбайларымен және бойдақ әріптестерімен бірге кафеде отыруға шешім қабылдады. Көрші үстелде тағы бір топ адам отырды.  Бір сәтте демалушылар арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласты. Жалпы, екі тарап та таңқалдырды. Видеоға сүйенсек, жанжалды бірінші болып Әділханов пен Айзахов емес, олардың әріптестері мен көрші компаниядағы қыз бастаған. Алайда, қазір бойдақ жігіттер бұл іс бойынша куәгер ретінде қаралды, ал ерлі-зайыптылардың жолы болмады – олар бұзақылық үшін сотқа тартылып жатыр.

Ал видеода жанжалды бірінші болып көрші столдағы қыз бастағаны анық көрінеді. Бикеш тіпті «бұзақының» біреуіне бөтелке тақтырған, бірақ дәл тигізе алмады. 

 Екі жақта да бқзақылық әреттер болса да екнші компания жуапқа тартылмағаны күмін тудырады. Ал Әділханов, Айдахов пен олардың жұбайлары Құндыз Серікова мен Айжан Сандыбаева жұмыссыз қалып қана қоймай, бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.

 Жәбір көруші ретінде танылған қызға қатысты істі жеке өндіріс ретінде шығарды. Бірақ ол сотқа дейін шығуы белгісіз. 

Жалғыз Ақтау – адвокат емес 

 Адвокаттардың айтуынша осы сотты жүргізіп жатқан судья Гүлна Байтұрова істі бірінші күннен бастап айыптауға басымдық беріп отыр. Байтұрованың хатшысы тергеліп жатқандарға қоңырау шалып, кінәні мойындайсыңдар ма деп сұрақ қойған. 

 «Егер кінәні мойындасаңыздар, онда сіздерге 4 адвокат беріледі. Қазіргі адваттарыңыз Мыңжасар барлығын бірдей қорғай алмайды, осылай Байтұрова айтты», – деп айжамал Мыңжасар хатшының сөзін жеткізді. 

 Келесі сот отырысында судья адвоватты, айыпталушылардан сұрамай істі жүргізуге мемлекеттен тегін ұсынылатын адвоваттарды тартқан. Бұл әрекет барлық нормаларды бұзады. 

 Нәтижесінде сотталушылар әрқайсысы үшін қорғаушы алуға мәжбүр болды. Айжамал Мыңжасардың әріптестері оларды про-боно форматында, яғни өтеусіз негізде қорғауды қолға алды. Алайда,  сотталушылар мен олардың қорғаушыларының келісімшарттық міндеттемелеріне араласу – судья Байтұрованың ең қызықты әрекеті емес.

 Соттың істі қарауы бар ма, жоқ па?

 Сот процесі іс жүзінде бар да, бірақ жүргізіліп жатқан жоқ. Парадокс. Ақтау қалалық сотының судьясы бұл істі бір айдан астам уақыт бойы ол негізгі сот ісін тағайындау туралы қаулысыз қарап жатыр.

 Бізге берілген материалдарға сүйенсек, соттың істі қарау туралы қаулының орнына сот кабинетінде істі прокурорға жіберуді сұраған адвокаттардың бірі Төлеевтің өтінішін қабылдамау туралы қаулы шығарылған. 

 Осылайша де-факто әлі күнге дейін істі алдын ала тыңдау процесі жүріп жатыр. Бұған қарамастан судья куәгерлер мен сотталушыларды белсенді тергеп жатыр екен. Бірақ бұл әрекеттің бәрі іс жүзінде заңсыз. Демек, Гүлнар Байтұрова қылмыстық іс жүргізу кодексін бұзуға жол бергені ме?

 Аудармашыны ұсыну қиындығы

 Сонымен қатар, Конституциямен кепілдендірілген қорғау құқығы бұзылған. Себебі, сотталушылар орыс тілді адвокаттарды жалдады. Тиісінше, сот аудармашыны қамтамасыз етуі керек еді.

Бұл мәселеге Байтұрова күтпеген қарапайымдылықпен келіп, сол соттың бас маманы Салиха Серікбаеваны аудармашы етіп тағайындады. Тек бұл маманның аудармашы дипломы жоқ.

«Аудармашыға қарсылық білдіру туралы өтінішхат жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу отырысының сотталушылары қазақ тілін өздері таңдайды. Адвокат орыс тілінде болғандықтан, бұл сот аудармашыны қамтамасыз ету керек дегенді білдірмейді. Бұл бір. Сотталушылардың өздері қазақ тілін таңдады, олар өздері аудармашыны ұсынуы тиіс», – деді Байтұрова (процестің стенограммасынан).

 Қылмыстық іс жүргізу кодексінің осындай талап жазылған нормасын судья, әрине хабарламады.  

 Тағы да қарсылық білдіру

 Сотталушылар да, олардың қорғаушылары да өз құқығының осындай талпталуына шыдай алмағаны түсінікті. Нәтижесінде судьяға қарсылық білдірілді. Бірнеше рет  берілді. Бірақ қарсылық білдіру өтініштің  біреуінен басқасы (бұл туралы сәл кейінірек) қабылданбады.

Бізге түскен стенограммаға сәйкес отырыстың бірінде адвокаттар қырсылық білдіру өтінішіне сәйкес судьядан залдан шығып кетуді сұраған. 

 Процесті заңнама талаптарына сәйкес тоқтатудың орнына Байтұрова соттталушыларды тергей бастап, олар адвокаттар мәлімдеген бас тартумен келісе ме, сондай-ақ олар бас тартуды қандай себеппен қолдайтынын сұраған. 

 Адвокаттардың судьяны заңға сәйкес жұмыс істеуді талап етуі нәтиже бермеді. 

 Судь япроцестен кетпеді. Және судьяданың сотқа қатысуынан бас тарту өніміші әлі де қаралып жатырү. Бұл жайт заңды өрескел бұзу болып саналады. 

Жоғарыда баяндалған барлық дерекке байланысты редакция Жоғарғы Сот, Бас прокуратураның және басқа да органдардың алдында көтеруді жоспарлап отыр. 



Ұқсас тақырыптар