Мәсімовтың інісі жазадан құтылып кетпек пе?

Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот Нұрлан Мәсімовтың ісін қарады.

Отырыста Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына қатысты екі іс қаралды.


98d6553082dec665854dad2e4f04bb22.jpg


Сот департаменттің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтады. Алайда нормаларды бұзып, 10,7 млн теңге артық жоспарлаған. 2022 жылы жемге 13,4 млн теңге бөлінген, бірақ нормадан тыс 8,5 млн теңге қосылған.

Сот тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты деп есептейді.

«Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы дәлелденеді. Сот ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.


Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылып, кейін оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылып, маусым айында іздеу жарияланды. Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар