Түрік елшілігі Қазақстан халқына үндеу жолдады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады. Елшілік Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қажетті заттардың тізімін нақтылады.


big_848631f9f5376908e77cb706b243088e-1000x_.jpg


«Жер сілкінісінен кейінгі бірінші кезектегі қажеттіліктер мен логистикалық мүмкіндіктерге байланысты, біздің елшілікке/ Бас консулдыққа көрсетілетін көмек тек төменде келтірілген материалдармен шектелсе деген өтінішіміз бар», - делінген хабарламада.


Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін келесі заттар қажет:


шатыр,

генератор,

жылытқыш,

көрпе, 

ұйықтайтын сөмке.


Көмекті Астана қаласы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 3 мекенжайы бойынша ҚР-дағы Түркия елшілігіне, сондай-ақ Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29 мекенжайы бойынша Түркияның Алматыдағы Бас консулдығына апаруға болады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар