Путин жолдау жасамақ. Әлем жолдаудан не күтеді?

Америкалық соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары 21 ақпанда тағайындалған Федералды жиналыста Владимир Путиннің мардымды ештеңе айтпайды деп болжайды. «Бұл жиында Украинадағы соғыстың өршуі туралы да, мобилизацияның жаңа толқыны туралы да сөз болмақ емес», - дейді олар.

f16de5a28bd7769b3269_2000x.jpg

ISW  жазуынша, өткен жылы Путин Ресей Парламентінің екі палатасына жолдайтын дәстүрлі үндеуін кейінге қалдырды. Ол «соғыста жеңіп келеміз» деп айтуға үміттенген. Бірақ ондай «жеңіс» Ресейге бұйырмады. Сондай-ақ Кремльге деген әлемнің теріс көзқарасы күшейген еді.

Путин соңғы бірнеше айдағы мерейтойлық даталарда әсерсіз баяндамалар жасады. Мүмкін ол «аттандаған үндеуін» былтыр басып алған жерлерді Ресей Федерациясына біріктіру бойынша қабылдаған шараларын айтып мақтанбаққа бекіген болар.

Сарапшылардың пікірінше, Украинадағы Ресей әскерінің сәтсіздіктері Путиннің ел алдында есіре сөйлеуіне мүмкіндік бермей тұр. Өткен шілдеде Северодонецкті басып алғаннан кейін Ресей әскери күштері бірде-бір ірі жетістікке жете алмады. Ал украин әскерлері осы уақытқа дейін 18 мың шаршы шақырымға жуық аумақты басқыншылардан босаттты. Ресей әскері 4 шілдеден бастап Бахмут аймағының 500 шаршы метрін адам айтқысыз шығынға батып, басып алды.

Путин мобилизацияның тағы бір толқынын жариялауы мүмкін еді, бірақ сараптамалық болжамдар оның қазір жарияламайтынын айтады.

«Ресей армиясы Украинадағы толықмасштабты соғысына қолда бар әскерін аямай жұмсады, қазіргі резерв тапшылығы Путиннің жаңа ауқымды шабуыл бастауына кедергі келтіріп тұр», - дейді ISW сарапшылары.

Путин көпшіліктің алдында өзінің әсерсіз сөздерін жалғастырады. Өткені «жеңіске жетеміз» деп халыққа уәде беретіндей әзірге үміт жоқ.

«Украиндардың адамдары мен материалдық-техникалық ресурстарынан айырылғанына қарамастан Бахмутты тұрақты түрде қорғауынан кейін Путин бұл қаланы жаулап аламыз деп айта алмайды. Соғыстың бір жылдығында Путин халқына соғыста жеңеміз деп уәде беріп, оларға талабын күшейте алмайды», - деп қорытындылады ISW сарапшылары.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар