Былтыр қос азаматтығы бар 138 адам елден шығарылды

Былтыр қос азаматтығы бар 841 адам әкімшілік жауапқа тартылып, оның 138-і елден шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн-брифингіде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп Mezgil.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп. 

5855035_0_0_2768_1557_1920x0_80_0_0_069dbe439d959113ed0419ff1cef8f25.jpg

«Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімімен 138 адам елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды. Соңғы 5 жылда азаматтық туралы заңнаманы бұзған 3 515 адам жауапқа тартылды. Оның 3 мыңнан астамына айыппұл салынды, 473-і елден шығарылды. Барлығының қазақстандық азаматтығы жойылды», - деп тоқталды Шұғыла Тұрлыбек.

Биыл өзінің азаматтағын жасырып, өзге елдің куәлігін алғысы келетіндер үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, заңнамалық актілерге түзетулер енгізілмек.

Айта кетейік, қазір қос азаматтығы бар екенін жасырғаны үшін заң бұзушыға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе Қазақстан аумағынан шығарылады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар