Молдова билігі: "Елдегі наразылықты Ресей қаржыландыруда"

Бүгін Молдова астанасында көп адамдық митинг өтіп жатыр. 


AP23050511996981.jpg


Ұйымдастырушы: "Шор" атты оппозициялық статусы бар партия. Олар: "Мая Санду, биліктен кет!", - деп жатыр.


Осыған дейін Молдова президенті Мая Санду: "Ресей Молдовада төңкеріс жасамақшы", - деп мәлімдеген. Ал Молдова ЕО интеграциясын таңдаған.


"Шор" партиясы былтыр Ресей Украинаға соғыс ашқанда, Ресейді жақтаған еді. "Шор" партиясының вице-төрайымы Марина Таубердің өкілдері Мәскеуге бірнеше мәрте барып қайтқан. Ал "Шор" партиясының төрағасы Илан Шорға АҚШ былтыр санкция салған.


Аталған партияның бастамасымен былтыр күзде Молдава халқы бірнеше рет Үкіметке қарсы наразылыққа шыққан. Осы кезеңде Ресей табиғи газдың мөлшерін күрт қысқартып, Молдова энергия дағдарысына ұшырады. Ел билігі сол уақытта мемлекеттің Конституциялық сотына «Шор» партиясын заңсыз деп тану туралы өтініш білдірген.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет прокуратурасы наразылықтарды Ресейдің жартылай қаржыландырып отырғанын айтқан.


Осы сенбіде «Ресейден қаражат алып, оны бөліске салып отырған» 20 шақты партия мүшесінің үй-жайына тінту жүргізілген. Ел билігінің хабарлауынша, 8 адам тұтқынға алынған.

 

Ал Донбасстағы заңсыз қарулы топтардың бұрынғы командирі Игорь Гиркин «Молдованың Приднестровьесіне шабуыл жасалуы ықтимал»,- дейді.

 


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар