«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі халықтың ұсыныс-тілектерін жинақтауды жалғастыруда. Осы шараның барысында көптеген ұсыныстар келіп түсті. Оның басым бөлігі қаланың өзекті мәселелеріне байланысты.
Осы орайда, өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмесі партиялық тізім бойынша сайланатын Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына кандидат Еркебұлан Молдашевпен бірлесе қала тұрғындарын қабылдады. Қаладағы өзекті мәселелерді қозғаған ұсыныстардың кейбіріне тоқталсақ, олар – баға тұрақсыздығын бір жүйеге келтіру, қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, ауамызды ластаған өнеркәсіп орындарының жұмысын бір ретке келтіру, көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын сапалы етуге ықпал жасау.
Тұрғындардың өтініш, ұсыныстарын мұқият тыңдаған Еркебұлан Есболұлы: «Ұлытау облысы мәслихатының депутаттығына сайланып жатсам, осы мәселелерді шешу жолдарына әсер ететін ықпалға ие болсам, бұл ұсыныстар назардан тыс қалмайды, оң шешімдер табуға бар күш-жігерімді саламын», - деді.
Материалдың ақысы Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Mezgil.kz