Атамбаев: Бакиевті кешіруге болмайды! Көп қан төгілді...

Әлгінде Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қырғызстанның барлық экс-президенттерінің басын қосып, кездесу өткізгені туралы жазған едік. Кездесуге, Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отынбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбековтер қатысқан. Кездесу белгілі себептерге байланысты бейтарап аймақта өткен.

arbatmedia-sadyr-zaparov-sobral-vsex-eks-prezidentov-kyrgyzstana-v-dubae-460-800x448.jpg

Қырғыздың қазіргі президенті Садыр Жапаров бұл кездесу туралы:


«Көкіректі кернеген арман орындалды. Еліміздің мәңгілік ынтымағы үшін бұрынғы президенттердің басын қосып, бір үстелге жинадым...Иә, тәуелсіз елміз, бірақ даму жолында неліктен кеш қалып келеміз? Сауал таусылмайды. Қазір солтүстік-оңтүстік болып бөлінгеніміз аздай, жеті облыс жеті президентті бөлініп жақтап жүр. Егер біз қасиетті Қырғызстанның болашағын ойласақ, «Ақаевшы», «Бакиевші», «Атамбаевшы», «Отунбаевашы», «Жээнбековші» дегендерді жоюымыз керек. Бәрінің басын біріктіріп, Қырғызстанның келешегін ойлауымыз керек.


О баста ел сайлап, бірақ қызметін жайсыз аяқтаған президенттердің басын қоссам, бәлкім, еліміз қайта жұдырықтай жұмылып, ынтымағы жарасар ма еді деген ой көптен көңілімде жүрді. Өйткені, халқымызда «Сұлтанның сүйегін қорламайды» деген сөз бар ғой. Көңілге тыныштық бермеген игі ойды іске асыруға бел буып, ел басқарған президенттердің басын қостым. Алдына ас қойдым. Ұлт болашағы үшін бұрынғы мемлекет басшылары өткендерін ұмытып, бір жұдырықтай жұмылу бастамасын қолдады», - деген еді.


63eb6280b59a9997984743.jpeg


Аталған кездесу туралы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев та пікір білдіріпті.


Атамбаев өз мәлімдемесінде президенттермен кездескенін, бастапқыда оны Садыр Жапаров және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевпен кездесу деп ұққанын айтыпты.


«Мен де елдің бірлігі мен бейбітшілігі жағындамын. Ол туралы ойымды айттым. Президент Жапаровтың ниетін бағалаймын. Бірақ кездесудің соңында былайша айтқанда ағылшынша, ешкіммен қоштаспай кетуіме мәжбүр болдым. Елге бірлік пен бейбітшілікті нығайту мен Бакиевті Қырғызстанға оралуға рұқсат беру, бұл екі бөлек дүние. Өте көп қан төгілді. Мұны ұмыту мүмкін емес. Оны туыстары кешіруі тиіс. Менің бұл сөздерімді президент Садыр Жапаров естіді деп үміттенемін», - дейді Атамбаев.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар