Уаң Идің Путин мен Зеленскийге сөзі өте ме?

Уаң И дейтін Қытайдың мысы басым шендісі бар. Былтырға дейін Қытайдың Сыртқы істер министрі еді. 2023 жылдың алғашқы күнінен бастап Қытай Компартиясы ОК-нің Шетел істері жөніндегі кеңсесін басқарады.


26903971_0_0_2889_1626_1920x0_80_0_0_854d82c2544a865e77bae1c3d84ecc79.jpg


Міне, сол Уаң И мырза қазір Мәскеуде жүр. Бүгін біраз күн қара құрлықты аралап, серіктес іздеп сенделіп қайтқан Ресейдің Сыртқы істер министрі  Сергей Лавровпен кездесті. Онан соң, Путинмен де жолығуы мүмкін екенін айтады.


Уаң мырза Мәскеуге келер алдында Ресей мен Украинаны келісімге келтіру үшін екі тарапқа да Қытай әзірлеген «келісім жобасын» ұсыныпты.


Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба: «Біз Қытай ұсынған «келісім жобасын» алдық. Қолымызға тиді. Енді мұқият танысып шығамыз», - деп жауаптаған еді.


Ресей әзірге бұл туралы «ләм-мим» демеді. Ал Қытай бірнеше мәрте тараптарға келісімге келу туралы ұсыныс айтқан.


Қалай ойлайсыз? Бір жыл бойы қанқасап соғысты бастан өткеріп жатқан екі тарапқа Қытайдың сөзі өте ме?


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар