Қос азаматтығы барлар Қазақстанға қауіп төндіріп тұр

Қарағанды әуежайында қос азаматтығы бар ресейліктерге 1,3 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


QI1y6XRs.jpg


Ведомство мәліметінше, ұсталған ресейліктер: 26, 45 және 51 жастағы әйелдер. Олар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының паспорттарын алған. 


Осыған байланысты ҚР ӘҚБТК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың әрқайсысына 428 820 теңге айыппұл салынды.


Айта кетейік, былтыр елімізде қос азаматтығы бар 841 адам әкімшілік жауапқа тартылып, оның 138-і елден шығарылған.


«Өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттардың шешімімен 138 адам елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды. Соңғы 5 жылда азаматтық туралы заңнаманы бұзған 3 515 адам жауапқа тартылды. Оның 3 мыңнан астамына айыппұл салынды, 473-і елден шығарылды. 


Барлығының қазақстандық азаматтығы жойылды», - деді Ішкі істер министрлігі өкілі Шұғыла Тұрлыбек.


Оның айтуынша, биыл өзінің азаматтағын жасырып, өзге елдің куәлігін алғысы келетіндер үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, заңнамалық актілерге түзетулер енгізілмек.


Қазіргі заңнама бойынша, қос азаматтығы бар екенін жасырғаны үшін заң бұзушыға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе Қазақстан аумағынан шығарылады.



Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар