Кеше Лужники стадионында ырғын-қырғын адам жиналып, кәнсерт өтті. Басты кейіпкер – Ресей президенті Владимир Путин. Әнші-әртістері өңештері үзілгенше әндетіп, айқайлатып жатты.
Қарап отырып, 30-шы жылдардың ортасындағы Германия еске түседі. Бұл жеңілгендердің кәнсерті. Өйткені, Ресейдің импершіл саяси элитасы әуелі өз халқының алдында өтірікші болды.
"Киевті 3 күнде аламыз" деген уәденің айтылғанына 1 жыл өтті. Әсіре мақталған Ресей әскері кей позицияларда масқара болып шегінді. Таяуда ғана Путин жеңілген президент статусында жолдау жолдаған еді. Дәл қазір де сол статуста тұр.
Бұлар алаулатып-жалаулатып әндетіп жатқанда, "Вангердің" қандықол қылмыскерлерден жасақталған жендеттері қару-жарақ жетіспей, Бахмут түбінде үйіліп қырылып жатыр. Ал Кремльге екі қойың бір сом...
Путиннің "жеңілгендер кәнсертіне" қатысты мынадай қызық ақпараттар бар:
Кәнсертке 200 мың адам жұмылдырылған;
Путин келіп сөйлеп кетпейінше бірде-бір адамды дәретханаға жібермей ұстап отырған;
Тулардың барлығы сол жерде таратылған;
Путин кеткен соң кәнсерт те тарап кеткен.
Mezgil.kz