" />
" /> «Ақ жол» Ақтөбенің еңбек ұжымдарымен кездесті--Мезгіл ақпарат агенттігі

«Ақ жол» Ақтөбенің еңбек ұжымдарымен кездесті

«Ақ жол» демпартиясының Республикалық штаб мүшесі Серік Ерубаев  үгіт-насихат тобымен «Samal cakes» кондитерлік цех ұжымымен және "Энергия" сауда үйінің қызметкерлерімен кездесті.


WhatsApp Image 2023-02-27 at 17.20.16 (1).jpeg


Кездесуге  партияның «Ақтөбе» облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов және жергілікті мәслихат депутаттығына  кандидаттар, партия белсенділері , БАҚ өкілдері қатысты.


Жиын барысында штаб өкілі Серік Ерубаев партияның саяси бағдарламасының басым бағытының бірі нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау бөліміне тоқталды.


WhatsApp Image 2023-02-27 at 17.20.17.jpeg


- «Елімізде азық-түлік пен жеке өндірістің тұтыну тауарларының тапшылығы туралы мәселе өте өзекті. Бұл жағдай біздің ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін, ауыр инфляциялық процестер мен валюталық ауытқуларды тудырады.


2012 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы жыл сайын Еуроодақ және ЭЫДҰ елдерінің үлгісі бойынша сараланған салық ставкаларын енгізу бойынша ұсыныстар енгізіп келеді. Онда икемді тарифтер басым секторларға инвестицияны ынталандыруға және әлеуметтік тауарлардың құнын төмендетуге мүмкіндік береді.


Біз қырықтан астам өтініштер мен заңдарға ұсыныстар жібердік, бірақ үкімет салық органдарына қиындық туғызды деп, мұндай ұсыныстарды жылы жауып қойды.


Бизнесті шенеуніктер емес, Президент Қ.Тоқаев естіп, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жаңа Салық кодексін әзірлеу және сараланған мөлшерлемелерді енгізу туралы тікелей тапсырма берген болатын. Президент тапсырмасы он жылға созылған дауға нүкте қойды, бұл парасаттылық пен Парламенттегі фракциямыздың күш-жігерінің жеңісі деп бағалауға болады», - деді Серік Ерубаев.


Ал,  партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов, шағын бизнесті және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты салықтан толық босату керекті туралы «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілгенін, әрі қарайда кәсіпкерлер құқығын қорғау жұмыстарын жүргізе беретіндерін айтып, 19 наурыз күні «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.


WhatsApp Image 2023-02-27 at 17.20.16.jpeg


Сондай-ақ, жиынға қатысушыларды қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй мен ипотекалық несие мәселесі де қызықтырды.


- «Жас отбасыларды ынталандыру үшін «Ақ жол» 2013 жылдан бастап әр бала туылғанда ипотекалық несиенің пайыздық үстемелерін 25%-ға субсидиялауды енгізуді табанды түрде ұсынып келеді. Яғни, екінші бала туылғанда мемлекет ипотеканың 50% субсидиялайды, ал, 4-ші баласы туғанда, сол отбасы ипотекасының толық сомасына субсидия алуы қажет. Біз бұл ұсынысымызды осы сайлауалды бағдарламамызға да енгіздік. Өйткені, бұл әсіресе жас отбасылар үшін әлеуметтік маңызы бар мәселе», - деді Серік Ерубаев.


Республикалық штаб мүшелері кездесуде айтылған сайлаушылардың барлық аманаттары мен талаптарын жазып алды. Үгіт-насихат тобының Ақтөбе облысындағы халықпен кездесулері жалғасуда.


*Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар