Ескі Қазақстан: Советтік атаулардан қашан арыламыз?

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Кеңестік кезеңде қойылған әкімшілік атаулардан арылуымыз керек екенін айтты.

2a6cb16f4c51f2a9.jpeg

«ОҚО, СҚО, БҚО деген әкімшілік атау Кеңестік кездегі дәстүр. Өкінішке орай, бізде әлі күнге сақталып келеді. Соларды қазақша атау үрдісін жалғастыру керек. Мысалы: БҚО – Ақжайық облысы, ШҚО – Алтай облысы, СҚО – Қызылжар облысы, Павлодар – Баянауыл облысы болып аталса дұрыс», - деді «Ұлытау өңірінің рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында.


Оның айтуынша, былтыр ғана құрылған облыстарды Ұлытау, Жетісу, Абай деп атаған үрдіс Қазақстанның өзге аумақтарында да жалғасуға тиіс.


Бұған дейін, бодандықтың белгісіндей боп, сонау патшалық Ресейден қалған Петропавл мен Павлодар атауларын қазақшаландыру туралы баспасөз бетінде талай мәрте жазылды.


Бұл атаулардың тіпті Конституциямызға қайшы екені де айтылды. Тарихшылар мен қоғам қайраткерлері дәлелдер келтірді. 2020 жылы Петропавл қаласының атауын өзгертуді талап еткен «Намыс» жастар қозғалысының белсенділері сол кездегі аймақ басшысы Құмар Ақсақаловқа петиция жолдады. Петицияда қазақ еліне Ресей тарапынан қайта-қайта жасалып жатқан арандатуға тосқауыл қою керектігі, солтүстіктегі жерлеріміздің байырғы қазақша атауын алып, елдігімізді қорғауымыз керектігі жазылды. Бұл мәселе айтылуын айтылып-ақ келеді. Бірақ билік тарапынан тырп еткен қимыл болмаған. Енді тақырыпты аймақтың әкімі көтеріп отыр екен. Ендеше билік осы жолы халықтың базынасына құлақ түрер деген үмітіміз бар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар