Қазақ мұнайына кім қожа?

ҚР энергетика министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстанда 84,2 млн тонна мұнай шығарылды, - деп жазады LS сарапшылары.


1541483509_zh490-800x480.jpg


2022 жылы өндірістің ең көп үлесі – 30,9% АҚШ-қа тиесілі болды, кейінгі орында 17,2%-бен Еуропа елдері орналасқан. Үшінші және төртінші орындарда Қытай – 15,6% және Ресей – 3,5%-бен тұр.


Energy Monitor-дың жазуынша, Қазақстанның жалпы мұнай өндірісіндегі үлесі 30,6% құраған.


Компаниялар бөлінісінде ең көп мұнайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өндіреді. Оның үлесіне 22,5 млн тонна (барлық өндірістің 26,7%-зы) тиеді.


Екінші орында Chevron – 16,6 млн тонна (19,7%), үшінші орында – ExxonMobil, көлемі 9,4 млн тонна (11,2%).


Аналитикалық компания Қазақстанның мұнай өндірісіне 14 елден инвестиция салынатынын атап өтті. Өндірумен 90-нан астам компания айналысады.


«Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орындарының үлесіне Қазақстанның барлық мұнай өндірісінің 63%-ы тиесілі.


Бұған дейін, Қазақстан 65,2 млн тонна қара алтын экспорттағанын хабарлады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,8%- ға аз. Ал жеткізушілер бұдан $46,9 млрд (+1,5 рет) табыс тапты.


Ең көп мұнай Италияға $13,3 млрд-ға (+1,5 есе) 18,2 млн тонна (+1,7%), Нидерландыға – $4,2 млрд-ға (+15,2%) 6,1 млн тонна (-25,4%) жіберілді.


Конституциялық өзгерістерге сәйкес, жер қойнауы халыққа тиесілі. Осыған байланысты 2024 жылдан бастап балаларға кәмелеттік жасқа толғанша қаражат бөлінетін болады.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар