Ұлытау облысы: АМАНАТ партиясы - бос сөз, құрғақ уәде емес!

АМАНАТ партиясының сайлауалды бағдарламасын қысқаша осылайша сипаттауға болар еді. Мұнда бұрынғыдай тау қопарып тастайтын, аспандағы айды қолға қондыра қоятын  жалаң ұран жоқ. Бағдарлама түзілмес бұрын әбден елеп -екшеліп, қаржылық мүмкіншіліктер ескеріліп барып қана  қабылданды. Бұл бағдарлама - бос сөз, құрғақ уәде емес.

851d6dc9-dc7c-46ed-a540-35cc9742ca8c.jpeg

Бүгін Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында орналасқан қалалық музейде өткен кездесуде  Аманжол Әлтай партия бағдарламасын осылайша таныстырды.  Ол  - АМАНАТ партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер. А.Әлтаймен бірге кездесуге Ұлытау облыстық мәслихатына партиялық Тізім бойынша үміткерлер Бауыржан Шыңғысов, Саят Балмағамбетов, Зина Ақылбекова,  Нұргүл Талғатбекова және бір мандатты округтер бойынша облыстық, қалалық мәслихаттарға үміткерлер келді.


Жиналғандар тарапынан жемқорлықпен күрес, жастардың жұмыспен қамтылуы, медициналық мамандардың жетіспеушілігі секілді мәселелер көтерілді.


Сондай-ақ, "Қазақмыс" корпорациясының еңбек ұжымдарының қалалармен байланысының әлсіздігі де айтылды. Қаланың қоғамдық -саяси, мәдени-көпшілік  жұмысына  "Қазақмыс" көбірек араласуы керек. 


Депутаттыққа үміткерлердің арасында жастардың көбірек байқалатыны да әңгіме арқауына айналды. Бұл орайдағы Бауыржан Шыңғысовтың: -Жастар осы бастан қаланың шаруашылығына аралассын. Көрсін, білсін, шыңдалсын. Өйткені, болашақ - солардың қолында. Ендеше, олардың депутат болуға ұмтылыстарын тек қана қолдау керек -деген сөзі   көптің көңілін дөп басқандай болды.


Басқа да қойылған сауалдарға, көтерілген мәселелерге тиісті жауаптар қайтарылды.


*Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар