Кандидаттар Ақтүбек ауылына ат басын тіреді

«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы, сайлауалды штаб жетекшісі, партиялық тізім бойынша Ұлытау облыстық мәслихатына кандидат Бауыржан Шыңғысов бастаған кандидаттардан құралған топ Қызылжар мен Түгіскендегі кездесулерді тәмамдаған соң, Ақтүбекке келіп тоқтады.

c11dcfa4-81be-43c9-890f-80bf2cb76a72.jpeg

Мұнда тұрғындармен кездесіп, жиынның басы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірумен басталса, әрі қарай жүру барысы еркін пікір алмасу форматында өтті. Кездесу барысында партияның алдағы кезеңде атқарар жұмыстары туралы және ауылдарды дамыту жөнінде партияның ұстанымы сөз болды.


«Малдардың жайылымы мәселесі кезек күттірмейді, инфрақұрылымдарды қайта қарастыру ауадай қажет, жаңадан көпір салынса екен, мектептегі спорт залдың құрылысы аяқсыз қалды,-деп жан айқайын жеткізген тұрғындарға кандидаттар тарапынан тиісінше мардымды жауаптар берілді. Көпшілік көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап таба алды.


«AMANAT» партиясы әрдайым Халық жағында,-деп айтқан кандидаттарға тұрғындар да қолдау білдіріп, болашақтарын тек осы партиямен байланыстыратындарын жеткізді.

 

* Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар