Ораза кестесі жарияланды

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


e8d4d12f49884808a64fdf5f63524571_XL.jpg


«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми-зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн  – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір - Ораза айт мерекесі», – деді ол.


Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады.



Mezgil.kz 


Ұқсас тақырыптар