Талдықорғанда жасырылған оқ-дәрілер табылды

Талдықорғанда оқ-дәрілер салынған үлкен кенеп қапшық табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.


3.jpg


«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа  салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады», - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.


Қапшық ішінен тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар