«Қазақстанның мемлекеттігі жоқ» – спортшы түсінік берді

Әлеуметтік желіде «Қазақстанның мемлекеттігі жоқ» деген жазба қалдырған Қазақстандық таэквондист Глеб Лымарь өз сөзіне түсінік берді.


arbatmedia-u-kazaxstana-net-gosudarstvennosti-otecestvennyi-taekvondist-sdelal-zayavlenie-1779-800x448.jpg


Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдаған спортшының айтуынша, оның әлеуметтік желідегі парақшасын әлдебіреулер бұзып, оның атынан пікір қалдырыпты.

Аталмыш пікірдің әлеуметтік желіде скриншоты таралды.


«Менің атым – Глеб. Жақында менің өмірімде еліміздің бүкіл азаматы алдында кешірім сұрауға тиіс жағдай болды. Менің әлеуметтік желідегі аккаунтым бұзылып, бұғатталған. Сол жерде жазылған пікір менің азамат әрі спортшы ретіндегі беделіме қатты нұқсан келтірді»,-деді ол үндеуінде.


Айта кетейік, Қазақстандық таэквондист Глеб Лымарь 2016 жыл Италияда әлем чемпионы атанған, Алматыда өткен Азия чемпионатының чемпионы және күміс жүлдегері, Моңғолияда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар