Министр: «Жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсері жоқ»

Cауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түліктің бағасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты.


34636536767867.jpg


Оның айтуынша, жеңіл тауарлардың құны өспейді, ал ірі өнімдердің бағасы тиісінше қымбаттауы мүмкін.


Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5 пайыз, ал күнбағыс майы 2,4 пайыз өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. «Қазір тауар өндіруші ірі кәсіпорындар бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен, ал газдың бағасы әзір өспейді», - деді Серік Жұманғарин.


Министр биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінгенін айтты.


«Ол арзандатылған бағамен литрі 204 теңге болады. Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса әсер етпейді. Қазір Қазақстанда баға тұрақты. Осыған байланысты бағаның бірден өсуіне негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне бізде азық-түлік қоры бар», - деді Серік Жұманғарин.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар