Прокурор Мамайды 6 жарым жылға бас бостандыған айыруды сұрады

Прокурор Жанболат Мамайды 6 жарым жылға шартты түрде бас бостандыған айыруды сұрады. Сонымен қатар оның журналистік және публицистикалық қызметпен айналысуына, әлеуметтік желілерде жарияланым жасауына тыйым салуды сұрады. Бұл туралы Оrda.kz жазды.


8088fbff-7e96-4c4c-9b7b-d2cd6b348b94.jpeg


Бүгін Алматының № 2 Бостандық сотында тіркелмеген Демократиялық партияның көшбасшысы Жанболат Мамайдың ісі бойынша сот процесі өтуде.


Ол ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша: «полицияны қорлау», «көрінеу жалған ақпарат тарату» және «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» баптары бойынша айыпталуда. Бірақ Мамай ешқандай айыппен келіспейді.


Айыптаушы тарап Жанболат Мамайдан алты жыл алты ай бас бостандығынан айыруды сұрап, ҚР ҚК 63-бабын қолдануды талап етіп отыр.


Өткен жылдың 2 қарашасында Мамай тергеу изоляторынан босатылды, сот бұлтартпау шарасын үй қамағына өзгерткен еді. Алайда, 2023 жылдың қаңтарында ол қайтадан «тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» деген айыпқа ілікті.


Келесі сот тыңдалымы 6 сәуірде өткізілмек.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар