Ресейдің Тынық мұхит флоты дабыл қағып, жоғары дайындық режиміне қойылды. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, Ресейдің Қиыр Шығысында аяқ астынан тексеріс басталған.
«Бүгін Владивосток уақыты бойынша сағат 09:00-де дабыл қағылып, Тынық мұхиты флотын жоғары дайындыққа келтіру жұмыстары басталды», - деді ол.
Флоттың дайындық кезеңінде Ресей Куриль аралдары мен Сахалинге «жаудың» десанттарын тойтару бойынша іс-шараларды әзірлейді.
Бас штаб бастығы Валерий Герасимов тексеріс үш кезеңнен тұратынын айтты: Біріншісі, флот толық жауынгерлік дайындыққа келтіріледі. Әуе қорғанысы кезекші күштері мен авиация бөлімшелері тексеріледі. Екінші кезеңде тұрақты дайындық күштерін базалау пункттерінен жауынгерлік даярлық аудандарына орналастыру қамтамасыз етіледі. Үшінші кезеңде оқу-жауынгерлік міндеттер пысықталады.
Герасимов стратегиялық сүңгуірлердің қару қолдануға дайындығын жеке бақылауға алуды тапсырды.
Флот кеменің зымыран ұшыруды орындайды деп жоспарлануда, сондай-ақ алыс қашықтықтағы авиация да тартылмақ.
Тексеріс жұмыстарын Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы Николай Евменов басқарады.
Айта кетейік, 16-19 сәуірде Ресейге Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфу барады. Бұл туралы жұма күні Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Тань Кэфэй хабарлаған.
Mezgil.kz