Соғыс: Қытай Ресейге болысуда...

Қытай Украина-Ресей қақтығысының келіссөз арқылы шешілгенін жақтайды, біз «отқа май құяйын деп отырған жоқпыз»,-деді Қытайдың Сыртқы істер министрі Цин Ган өзінің неміс әріптесі Анналена Бербокпен Бейжіңдегі кездесуде


3f73f3b6bf37baade031a4725fb5a848.png


Кейінгі уақытта Еуропа елдері Ресейдің соғысын тоқтатуға Қытайдың күш салуын сұрап келеді. «Ресейге ешбір елдің Қытай сияқты ықпалы жоқ» екенін Анналена Бербок айтқан болатын. 


«Мен Қытайдың ұстанымын түсінбеймін. Қытай осы күнге дейін агрессор Ресейді соғысты тоқтатуға шақырған жоқ»,-деді Германияның Сыртқы істер министрі. 


Цин Ган Қытайдың бейбітшілік орнату үшін жұмыс істеуге дайын екенін және тараптарды объективтілік пен тыныштықты сақтауға және бірге жұмыс істеуге шақыратынын айтты.


Интернетте жария болған Пентагонның құпия құжаттарының ішінде 23 ақпанда Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің хабарламаларына сілтеме жасалған дерек болды. Онда ҚКП Орталық Комитетінің Орталық әскери кеңесі Ресейге ұшу соғыс құралдарын беруді ұлғайтқаны жазылған. Бірақ дерек расталмаған. 


Бұған дейін америкалық шенеуніктер қытай басшылығының Ресейге әскери көмек беруді қарастырып жатқаны туралы айтқан. 


Американдық барлау мәліметтері бойынша, Қытай, Ресейге қару-жарақ немесе оқ-дәрілерді жасырын жеткізуге келіскен болуы мүмкін, деп жазды Washington Post.

Басылымның хабарлауынша, биыл 23 ақпандағы құжаттардың бірінде Қытайдың Орталық әскери комиссиясы жасырын қару-жарақпен қамтамасыз етуді әрі қарай жалғастыруды мақұлдаған.


Washington Post т «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен АҚШ әкімшілігінің басқа өкілдері ақпан айының соңында Қытай Ресейге қару сатуды ойластырып жатқанын айтты»,-деп сол кездегі хабарды еске түсіріпті. 


Басылым алайда Бейжіңнің үнемі соғысқа бейтарап ұстанымда екенін және бейбітшілікке шақыратынын айтады.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар