Ресей: Теңге бізге «дұшпан» елдің ақшасы

Ресейде теңге «дос емес» елдердің валютасы болып саналады. Бұл туралы «Ашық Инвестициялар» порталы жазды. 


1784346522_0_0_1920_1080_1920x0_80_0_0_41299dce20fc69d7b91446aedb3a8a2c.jpg


«Санкциялық қысымның күшеюіне байланысты «дос емес» елдердің валюталарында есептеулерді шектеу және бұғаттау қаупі артуда... Сондықтан келесі валюталарда қызмет көрсетуді тоқтатамыз: Швейцария франкі (CHF), Сингапур доллары (SGD), Жапон иені (JPY), Гонконг доллары (HKD) және Қазақстан теңгесі (KZT)», – делінген брокер сайтында.


Есептеулер жүргізуге және клиенттер мен контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындауға байланысты қатерді азайту үшін 28 сәуірден бастап мынадай өзгерістер енгізу жоспарлануда:


Биржалық және биржадан тыс нарықта «дос емес» елдердің валюталарын сатып алуға тыйым салу;


«Дос емес» елдердің валюталарын брокерлік шоттарға аударуға тыйым салу;


Баламалы есеп айырысу валютасы болған кезде бағалы қағаздарды «Дос емес» елдердің валюталарына сатуға тыйым салу.


2022 жылғы наурызда Ресей үкіметі «дос емес» елдердің тізімін жасаған. Оның ішінде: ЕО-ның барлық елдері, Австралия, Ұлыбритания, Исландия, Норвегия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Украина, Жапония және басқа да бірқатар мемлекеттер мен аумақтар болды. СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, бұл тізімге енбеген елдер ғана Ресейдің «достары».


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар