Жаңаөзендегі көппәтерлі үйде болған газ балонының жарылуынан 4 адам қаза тауып, 11 адам жарақаттанды.
Құтқарушылар үйінділердің астынан 4 адамды тірілей, тағы 4 адамның денесін алып шықты. 6 адам ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, бүгін таңғы 5.00-де Жаңаөзендегі 2 шағын аудандағы 12 пәтерлі 2 қабатты үйде жарылыс болған еді.
Медициналық көмекке 12 адам жүгінген, оның ішінде 8 бала бар.
Қазіргі уақытта жедел жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиғаға 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылған.
Маңғыстау облысының ТЖД-де жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.