Тоқаев: «Сыртқы саясат тұжырымдамасы жаңартылуы керек»

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қайта қарауды тапсырды.


643f72b191562840561424.jpeg


«Бізге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тың тәсілдері қажет. Сол үшін тиісті стратегияны заман талабына сай қайта қарау керек. Сыртқы саясат тұжырымдамасы да жаңартылуға тиіс. Бұл құжат мүлде басқа геосаяси жағдайда қабылданған»,-деді Мемлекет басшысы.

Президент әлемде елеулі өзгерістер болғанын атап өтті.


«Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек», - деді ол.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар