Генерал: Қауіп Ресей жақтан емес, Қырғыз жақтан...

Қазақстан шекара күзетін күшейтеді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты.

full_168067949398d428d3e5fb7fae5f0521a29bf4add1_webp.jpg

Тілшілердің: «Ресеймен арадағы шекара күзеті күшейтіле ме», - деген сұрағына генерал Алдажұманов: «Қазақ-орыс шекарасы қалыпты жағдайда күзетілуде», - деп жауап берді.


«Географиялық жағынан Қазақстан мен Ресейдың шекарасы ең ұзын шекара. 7,5 мың км. Біз бұл шекараны қалыпты жағдайда қорғап тұрмыз. Бұл шекараны сәт сайын күшейтіп отыруға біздің шекара қызметінің физикалық күші де, шекарашылар саны да жетпейді. Біздің басымдық беріп отырған бағыттарымыз бар. Қажет болған жағдайда қосымша жұмылдыратын күшіміз бар. Біз соны пайдаланып, қажетті аумақты қамти аламыз», - дейді Ерлан Алдажұманов.


Алдажұманов мырза басымдық беріп, күзетті күшейткен бағыт Ресей емес, Қырғызстан шекарасы екенін де айтты.


«Шекара бұзушылықтар мен контрабанда мәселесі өршіп тұрған бағыт – қазақ-қырғыз шекарасы. Сондықтан біз қазір осы бағытқа көбірек күш жұмсаудамыз. Бірақ, резервіміз бар. Қажет болған жағдайда кез келген бағытты қамтамасыз ете аламыз», - деп түйіндеді Генерал.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар