Ресейлік БАҚ: Қазақ спорты орыстарды қуып жатыр...

Біраз уақыт бұрын Қазақстан хоккейшілері Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейге өтіп жатқаны белгілі болған. Шайба.kz сайты Алексей Маклюков, Егор Петухов және Теміртаудың тумасы Антон Сағадеевтің осы уақытқа дейін қос елдің паспортымен жүргенін жазды. Ал бұл біздің заңымызға қайшы.

ғеңғн.jpg

Сондай-ақ Андрей Скабелка ұлттық команданың бас бапкері қызметінен босатылды, оның орнына Ғалым Мамбеталиев тағайындалған болатын.


Қазақстан спортшылары 12-28 мамыр аралығында өтетін хоккейден әлем чемпионатына қатысады.


Чемпионат Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өтеді. Топтық кезеңде оларға Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария командалары қарсылас болады.


Әлемнен оқшауланған Ресейдің енді ірі чемпионаттарға қатыса алмайтыны белгілі. Орыс ақпарат құралдары Қазақстан хоккей құрамасын «тазалап» жатыр, деп жазуда.


«Андрей Скабелка мен жаттықтыру штабын, Белорусь өкілдерін отставкаға жіберді. Бұнымен тоқтамай Алексей Маклюков, Егор Петухов, Антон Сағадеевті құрамадан шығарып жіберді. Оларды тек Ресей төлқұжатын да қолданғаны үшін шығарып жіберіп отыр. Жігіттер біздің еліміздің азаматтығынан шықпағаны үшін зардап шекті. Қазақстанның канадалық Кёртис Волк пен Даррена Дицаға әлі жетер ме екен, көрейік», - депті ресейлік басылым.


Басылымның жазуынша, хоккейден әлімдік жарысқа кетіп бара жатқан құрама өте нашар, себебі ол жерден «мықтылар» алып тастады. Чемпионатта мұның зардабы білінбей қоймайды.


Айта кетейік, көк паспорттан бас тартқан спортшылардың бірі Сағадеев өз мансабын Сочиде жалғастырамын десе, Петухов «Барыстан» кететінін хабарланған болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар