Рамштайн: Қарымта шабуыл алдындағы маңызды кездесу

2022 жылдың сәуірінде Украинаны жан-жақты қолдау бойынша Германияның Рамштайн әскери базасында арнайы алаң құрылды. Ол Рамштайн форматы деп аталады. Осы уақытқа дейін бұл формат аясында ай сайын Украинаны қолдайтын 40-тан астам елдің қорғаныс министрлері бас қосып, Киевке қандай көмек көрсете алатындығын талқылайды, арнайы әскери пакетті бекітеді.


c52de3b-705.jpg

 

Бүгін Рамштайн базасында 11 кездесу өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін дәл осы форматтың аясында соғысқа дейін Украинаға берілуі мүмкін емес деген зымыран кешендері (мысалы HIMARS), танктер (мысалы Leopard) танктері мен әуе қорғаныс жүйелері берілді. Бүгінгі тақырып Украинаның авиациясына және әуе қорғаныс жүйесін одан бетер мығым етуге арналады.

 

Күні кеше Киевке НАТО-ның Бас Хатшысы Столтенберг келіп кетті. Оның дәл «Рамштайн» кездесуі алдында келуі де кездейсоқ емес. Зеленский билігі басқыншы әскерін ығыстырып, қарымта шабуылды сәтті етуі үшін қандай қарудың қажет екенін бірнеше мәрте айтқан болатын. Оның ішінде жаудың 300-500 шақырымда орналасқан нысанын жоюға қабілетті зымырандар, әуе қорғаныс жүйесі мен шабуылды тоқтатпай, қарқындылықты ұстап тұруға қажетті көлемдегі снаряд және авиация бар.

 

Батыс елдері Украинаға осыған дейін де шабуылдаушы ұшақтарды берді. Алайда оның барлығы дерлік ресейлік және кеңестік ұшақтар болатын. Киев заманауи, соғыстың келбетін түбегейлі өзгертетін натолық ұшақтарды сұрап отыр. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин бұл мәселені бүгінгі кездесуде көтеретінін айтты. Сонымен бірге Рамштайнның жабық форматындағы кездесуде Украинаның қарымта шабуылы да талқыланады деп күтілуде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар