Қазақстанға қаржы ағылуда...Ресейден!

Қаржы аударым жүйелері арқылы қаңтар-ақпан айында елімізге 53,4 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылдың қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда 69,1%-ға көп. Бұл туралы Ranking.kz сайты жазды. Бұған дейін үш жыл қатарынан аталмыш кезеңде қаржы аударым тек қана азайып, көрсеткіш төмендеген болатын.


вввааввв-17.31.45-1.jpg

 

Қаржы аударым жүйелерінің ішінде ресейлік «Золотая Корона» көш басында. Аталмыш жүйе арқылы қаңтар-ақпан айында 28,1 млрд теңге аударылған. Артынша Western Union (10,8 млрд теңге), MoneyGram (6,1 млрд теңге), «Юнистрим» (5,5 млрд теңге) және Contact (2,6 млрд теңге). Елімізге ең көп қаржы аударылымы Ресейден жасалған, ол қаңтар-ақпан айында 21,7 млрд теңгені құрайды. Артынша 6,1 млрд теңгемен Өзбекстан тұр. Үздік үштікті 5,2 млрд теңгемен Оңтүстік Корея тәмамдайды. АҚШ-тан осы аралықта 5,1 млрд теңге, Түркиядан 3 млрд теңге, Қырғызстаннан 2,6 млрд теңге, Германиядан 2,5 млрд теңге аударылым жасалған.

 

2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасына аударымдардың жалпы көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі 34,9%-ға дейін өсті және өткен жылдың соңына қарай ол 73%-ға дейін көтерілген сәттері болды. Мысалы 2021 жылы Ресейдің Қазақстанға аударымдағы үлесі 18,7%-ды құраса, 2022 жылы ол 52,6%-ға жеткен. Бұл ресейліктердің жаппай Қазақстанға қоныс аударуы және ресейлік компаниялардың санкциядан қашуымен байланысты дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар