Ресей әскерінің Украина қарсы шабуылына дайындығы қалай?

Америкалық соғысты зерттеу институты (ISW) майданның әртүрлі саласындағы орыс әскерінің құрамы мен жағдайын егжей-тегжейлі талдап, Украинаның қарымта шабуылына Ресейдің дайындығы нашар деп қорытты. Өйткені басқыншылардың бөлімшелері қиян-кескі шайқастардан қажыған, әл-дәрмені қалмаған. Бұған қоса, мобилизация арқылы жұмылдырған сарбаздарының да біліктілігі басқыншылардың мүддесін қорғауға жеткіліксіз. Сондай-ақ бөлімшелерінің арасында байланыс орнатуы да олар үшін мұңға айналған.


47183819_605.jpg


 «Украинадағы ресейлік бөлімшелердің таралуы бізге барлық әскери округтердегі қолда бар мобильді бөлімшелердің көпшілігі, тірі қалған әуе-десанттық бөлімшелердің көпшілігі сияқты, қазірдің өзінде белсенді қорғанысқа тартылған деп болжауға мүмкіндік береді. Шабуыл операциялары [...] әскерлердің жалпы сарқылуы және оларды кейбір аудандарда орналастырудағы айқын қашықтық және ұйымдаспау Ресейдің майданның маңызды секторларын қорғауына айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін », – деп жазады ISW.


ISW сарапшылары шолудың басында өз тұжырымын Украина тоғыз жаңа дайындалған бригаданың шабуылы сияқты ауқымды және күрделі операцияны жүргізуге қабілетті екеніне негіздейтінін атап өтті. Бірақ Америка сарапшылары бұған толық кепілдік бере алмайды.


ISW ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сүйене отырып және Ресей әскерлерінің жеті негізгі аймақтағы жағдайын талдап-таразылай келе, ресейліктер Запорожье облысындағы майданды қоспағанда, олардың барлығында дерлік шілдің боғындай шашырап жатқанын, әрі әскери қорының сарқылып бара жатқанын жазды.


Бірақ ISW мәліметтері бойынша, Украина жаппай және жылдам соққы бере алса, Запорожье облысында ресейліктердің төбесіне әңгіртаяқ ойнатуы да ғажап емес.  Сарапшылар бұған «Мәселе келесі дайындалған қорғаныс желілеріне ықтимал шегініспен бөлімшелерді үйлестіруге байланысты туындауы мүмкін» дегенді де қосты. 

ISW-нің болжамынша, ресей тарабы Бахмутты Украина шабуыл бастағанға дейін толық басып алғысы келетін көрінеді. Олардың пікірінше, украин әскері әлі күнге дейін қаланың батыс бөлігінде шағын ғана аумақты ұстап отыр.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар