Ресейлік депутат: Украинаны жойып, Сербияны құрсаудан құтқарамыз!

Ресей билігі өзінің агрессиялық саясатын жалғастыруда. Тек ұрыс даласында емес, медиалық кеңістікте де. Украинаға қатысты түрлі сипаттағы сөздерді айту қалыпты жағдайға айналды. Ресей арналары «фашист Украина» деген терминді 24/7 режимінде айтып келе жатқанына міне 9 жыл.

 

682067_Diskussionniy_klub_Vorobyevi_gori_Moskva_vasserman_anatoliy_250x0_3600.2406.0.0.jpg


Ресей билігі осыған дейін «Украинаны фашизмнен азат етіп жатырмыз» деген сипаттағы сөздерді айтса, енді «Украинаны картадан жою керек» дегенді ашық айтудан қымсынбайтын болды. Бұл туралы Ресейдің бұрынғы президенті Медведев те сан мәрте айтқан-ды. Ол: «Украина ешкімге керек емес, сондықтан да ол жер бетінен ел ретінде жойылады» деген болатын.

 

Ресей МемДумасының депутаты Анатолий Вассерман «Украинаны жою керек» деген пікір білдіріп, оның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқылануда. Ол сондай-ақ АҚШ-ты «әлемдегі лаңкестікті басты қаржыландырушы» деп атады.  

 

«Біз Украина деген лаңкестік ұйымды жойып, лаңкестікті қаржыландыратын АҚШ-қа шынайы пиғылымызды көрсетіп, алған бетімізден бас тартпайтынымызды нақты ісімізбен білдірген сәтте ғана, олар түсіне бастайды. Сол сәтте ғана біз құрсауда қалған Сербины құрсаудан босатып аламыз» — деді Вассерман. Ол Украинаны ел ретінде санаудың қажеті шамалы деген ойын жасырмады. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар