Ресейді қолдаушы: Бұрынғы қазақстандық журналист "Миротворець" сайтында

Украинаның арнайы қызметі ақпараттық соғыста барынша белсенді. Ел қауіпсіздігіне қарсы азаматтарды анықтап, арнайы енгізіп отыратын «Миротворець» базасы қалыптасқан. Онда 2014 жылдан бері Украинаның аумақтық тұтастығына қарсы мәлімдеме жасаған, әрекет еткен азаматтарды енгізу тәртібі қалыптасқан. Басты мақсат ретінде агрессорды жақтаушыларды әлемге көрсетіп, оларға қарсы заңдық механизмдері қолдану мүмкіндігін қарастыру дейді базаны жасақтаушылар. Осы арқылы оларға санкция салу, Украина аумағына кіруге тыйым салу сынды әрекеттер іске асады.


EBjAErmXUAEzN6b.jpg

 

Күні кеше ғана Украинаның Миротворець базасында бұрынғы қазақстандық журналист, бүгінде Ресейге қоныс аударып, басқыншылығын барынша қолдап отырған Красиенко Ярослав Юрьевич жайлы ақпарат пайда болды.

 

Сайтта ол жайлы келесідей мәлімет көрсетілген: Красиенко «Русские Грамоты» және «Грамоты Ярослава» атты сепаратизмді қолдайтын арналарға жетекшілік етеді. Ол 2014 жылы ресейлік арнайы қызмет тарапынан қолдау тауып, соларға қызмет ете бастады. Бүгінгі күні ол Украина мен Орталық Азия бағыты бойынша арнайы ақпараттық тапсырыстарды орындауда. Соғыс басталғалы бері Красиенко басқыншы әскерін қолдап 20 000 доллар қаржы аударған. Ол басқыншылардың «ЗаЩИТа» және «НФ. Всё для Победы» қорларына қаржы аударып, халықтан қор жинайды. Қазақстанда қызмет еткен сәтте ол «Россия — 24» арнасының қызметкері болып көрінген ФСБ агенті Плотников Федор Викторовичпен қызу байланыста болған. «Sputnik Казахстан» редакторымен тығыз қатынас ұстаған. ГРУ қызметкері, агент Виктор Пановпен үнемі байланыс ұстап отырған, ал Пановты 2005 жылы Түркіменстан билігі тыңшылық жасады деп елден қуып шыққанын естеріңізге саламыз.  

 

Сайтта оның туған жылы, әлеуметтік желі парақшалары мен өзге де ақпараттар көрсетілген. Сайт ұжымы Красиенконың әрекетін Украина мемлекеттігіне қауіп төндіруші ретінде қабыл алып, оған құқық қорғау органдары тарапынан назар аудару керектігін айтады.



Ұқсас тақырыптар