БҰҰ-дағы Ресей. Өгей болған Лавров...

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Сәуірде Ресей төрағалық етіп, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-қа осы жиынға қатысу үшін барды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, ол АҚШ-ты әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын бұзды және «Киев режимі» Украинадағы халықтың мүддесін қорғамайды деп бірінші рет айыптап отырған жоқ.


1068189959_152_0_2881_2047_1920x0_80_0_0_7368f2518277321635b691c08f6f44c1.jpg


Батыс елдері бұған не деді:


Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Барбара Вудворт «украин нацизмі», «биологиялық зертханалар» және жалпы Ресейдің соғысты ақтауы өтірік екенін айтты.


АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд: «Ресей БҰҰ жарғысына ашық қарсы шықты. Олар белсенділер мен оппозиция жетекшілерін ұстап жатыр. Темір тордың ар жағында отырған америкалық Эван Гершкович пен Пол Уиланды (2020 жылы, оларды тыңшы деп танып 16 жылға бас бостандығынан айырды) «саяси пешка» ретінде пайдаланады.


Қауіпсіздік кеңесінің отырысына Пол Уиланның әпкесі Элизабет те шақырылды. Ол Ресейді «Террорист мемлекет» деп санайтынын айтты. «Оның інісіне қарсы қылмыс жасаған Ресей болды, керісінше емес», – деді ол.


Ал Еуроодақтың 27 елінің елшілері: «Ресей БҰҰ жарғысының және көпжақтылықтың қорғаушысы ретінде көрінуге тырысады. Ештеңе шындықтан алыс болуы мүмкін емес. БҰҰ Жарғысы, БҰҰ Бас Ассамблеясы, Халықаралық Сот – Ресей осының бәріне тек құрметсіздік көрсетіп отыр», – деп біріккен мәлімдеме жасады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар