Ресейдің жаңа тарихы: Орыс балаларына нені оқытпақ?

РФ Білім министрі Сергей Кравцов Ресей мектептерінің 11-сыныбына арналған жаңа тарих оқулығы дайын екенін мәлімдеді.


756168676006732.jpg


Бұл оқулықта Ресей билігі СВО – «арнайы әскери операция» деп атайтын Украинада Ресей ашқан соғыстың ресми орыс тіліндегі нұсқасы бар бөлім болады.


Кравцовтың сөзінше, бұл оқулықты Мәдениет министрі Владимир Мединский мен МГИМО ректоры Анатолий Торкунов әзірлеген.


Бұған дейін Кравцов аталмыш оқулық алдағы 1 қыркүйекке дейін дайын болатынын, 2024-2025 оқу жылына дейін орыс мектептеріне жаппай жеткізілетінін айтқан.


Өткен аптада Ресей Федерациясында «шетелдік агент» ретінде танылған «Медиазона» басылымы 4-сыныпқа арналған «Қоршаған әлем» пәні бойынша жаңа оқулықтармен танысты. Оқулықта тарих элементтері бар.


Басылым журналистері көрген беттерде оқулықтың алдыңғы басылымынан өзгеше: яғни, Киев Русінің тарихына қатысты тармақтардағы «Киев» сөзі кездеспеген.


Атап айтқанда, 2021 жылғы басылымда «Өткен жылдар хикаясын» Киев-Печерск монастырының монахы Нестор жазған деп айтса, жаңа нұсқада Несторды жай ғана монах деп атаған.


Тағы бір мысал. Оқулықтың ескі нұсқасында князь Владимир Киевтің күллі тұрғынын шомылдыру рәсімінен өткізген десе, ал жаңасында «астанада» деп жазылған.


«Олег қайтыс болғаннан кейін князь Игорь Киевте билік жүргізе бастады» деген сөйлемді де «Олег қайтыс болғаннан кейін князь Игорь Ресейді билей бастады» деп редакциялаған, – деп жазды басылым.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар