Тұрғымбаев қайда жүр?

Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ташкентте жүр. Бұл туралы Nege.kz жазды.


62fcd2e1f268f599957138.jpg


Басылымның мәліметінше, Қазақстандық шенеунік Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымында (РАТС ШОС) жұмыс істейді.

2002 жылы терроризм, экстремизм, сепаратизммен аймақтық және глобалды деңгейде күресу үшін құрылған ШЫҰ-ның штаб-пәтері Ташкентте орналасқан.


Төрағасы да өзбек – Руслан Мирзеев. Төрағаның алты орынбасары мен бір кешесшісі бар. Орынбасарларының бірі қазақ – Қанат Оразқұлов. Кеңесшісі Қытай азаматы – Ли Кэмин.

«Е.Тұрғымбаевтың аты-жөні ұйым басшыларының тізімінде жоқ. Алайда тұрақты оқырманымыз Ерлан Заманбекұлының «кеңесші» екенін айтты. Бәлкім, штаттан тыс кеңесші шығар, өйткені ресми кеңесші қытай азаматы»,-деп жазды басылым.


Nege.kz редакциясы Ерлан Тұрғымбаевтың қызметі, қайда жүргені туралы, Қаңтар оқиғасына байланысты тергеу жұмыстары жүрген, жүрмегені тәралы мемлекеттік органдарға сұрау жіберіп, алайда мардымды жауап ала алмағанын жазыпты.


Ішкі істер министрлігі:

 «Ішкі істер экс-министрі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 27 тамыздан бастап ІІМ кадрларында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне іссапарға жіберілді (негіздеме ҚР СІМ 27.08.2022 жылғы № 24-2-18/728 ж/қ бұйрығы).

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімовке және басқаларға қатысты «қаңтар оқиғасы» бойынша сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратура жүзеге асырды».


Бас прокуратура:

«Бас прокуратура сіздің ІІМ-нің бұрынғы басшысы Е.Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс тіркелгенін жəне оған қатысты басқа деректер сұрау жолданымыңызды қарады. Қазіргі таңда Е. Тұрғымбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тіркелмегенін хабарлаймыз».


Ал СІМ:

 «ҚР Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығымен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) дипломатиялық қызмет персоналының қызметі туралы ақпарат (лауазымының, құрылымдық бөлімнің, ұйымның, оның атауы және т.б.) дербес деректерге жатады.

Өз кезегінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда ғана дербес деректерді таратуға жол беріледі.


Осыған орай, Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қандай да бір мәліметтерді қызметкерлердің немесе олардың заңды өкілдерінің рұқсатынсыз ұсыну мүмкін емес екенін хабарлаймыз» деп жауап берген.


Осылайша ІІМ Тұрғымбаевты іссапарға кетті десе, СІМ «ол туралы айтуға қақымыз  жоқ» депті. Ал Бас прокуратура «Қаңтар оқиғасы» бойынша экс шенеуніктен ешқандай жауап алынбағанын жазған.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар