Президент Тоқаев: Біз сепаратизмге жол бермейміз!

Қазақстан Президенті сепаратизм туралы айтты. Бұған дейін ресейлік пропагандашы Стешин «Ресейдің келесі нысанасы – Қазақстан» дегенді айтқан. 


644a0b0014a44171636774.jpeg


«Біздегі бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын кесу қажет. Біз радикализмнің, экстремизмнің және сепаратизмнің кез келген көріністеріне қарсы тұруымыз керек.


Этносаралық, тілдік және әлеуметтік сипаттағы кез келген арандату әрекетінің жолы заң аясында қатаң кесіледі. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше назарда ұстап, заң бойынша әрекет етеді. Әр азамат өз сөзі мен әрекетіне жауапкершілік сезінуі керек. Эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке бой алдыруға болмайды. Бөтен ақпараттық соғыстар мен идеологиялық даулар бізге қажет емес», - деді Президент.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар