Абаев: «Орыс тілі ТМД-да ұлтаралық тіл»

«Орыс тілі – ТМД аумағындағы ұлтаралық қарым-қатынастың басты құралы», деп мәлімдеді ТМД Бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев Минскіде өтіп жатқан "Қазіргі екітілді кеңістіктегі орыс тілі" атты Халықаралық ғылыми конференцияда.


photo_313350.jpeg


Оның айтуынша, орыс тілі ТМД көлемінде адамдардың бейресми байланыс орнатуына, мәдениетін таратуға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі күні орыс тілі қарқынды даму үстінде.


«Елдер арасындағы серіктестікке ТМД-ның қолдауымен орыс тілін қолдау және ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйымның құрылуы қосымша серпін береді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бұл бастаманы ТМД елдерінің барлық көшбасшылары қолдады», - деді Абаев.


Еске салайық, 2023 жыл ТМД-да ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы болып жарияланған. Осыған орай гуманитарлық, ғылыми, білім беру және ағартушылық маңызы бар 150 іс-шара жоспарланған.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар