Түркия барлау күштері терроризмге қарсы операция аясында Сириядағы ДАИШ көшбасшысының көзін жойды. Бұл туралы түрік президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеген.
Ердоғанның сөзінше, Түркияның ұлттық барлау ұйымы Әбу әл-Хусейн әл-Хусейни Әл-Курши деп аталатын адамды ұзақ уақыт бойы қадағалап отырған.
«Бұл адам кеше Сирияда MIT (түрік ұлттық барлау ұйымы) жүргізген операция барысында ұсталды», – деді ол.
Түрік көшбасшысы Түркияның терроризмге қарсы күресі Еуропаның да қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты.
Әл-Курши өзінің алдындағы Әбу әл-Хасан әл-Хашими Әл-Кураши қайтыс болғаннан кейін ДАИШ жетекшісі атанған. Әл-Кураши өткен жылдың қазан айында Сирияда «Еркін Сирия» армиясының содырлары қолынан қаза тапқан.
Mezgil.kz