АҚШ: 100 мың...Ресей әскері Бахмутта қырылып жатыр

Әлемнің назары Украина соғысында. Бахмут шайқасы Батыс медиасының қаламына ілініп жүрген басты тақырыптардың бірі. 2022 жылдың жазында қала үшін қиян-кескі шайқастар басталды. Ресей Бахмутты алып, Донбасс шебін кеңейтуді ойласа, Украина керісінше қаланы барынша ұзақ ұстап, уақыт ұтуды ойластыруда. Сарапшылар алақандай қала Ресей де, Украина да тым көп ресурс жоғалтып жатқанын айтуда.


_128255248_bakhmut-2reu.png

 

Украина қала қорғанысын барынша ұзақ ұстап, қарымта шабуылға дайындықты пысықтауда. Басты мақсат Ресейдің кәсіби әскери құрылымдарын осы қала маңында топтастыру. Мәскеу де соңғы уақытта тактикасын өзгертіп, қала үшін қорғаныс министрлігінің тұрақты әскери бөлімшелерін емес, жеке әскери компания күштерін шабуылға салуда.

 

Он айға жуық шайқаста Ресей де, Украина да қала маңында аз адамынан айырылмады. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби соңғы бес айда Бахмутта Ресей 100 мың әскерінен айырылғанын айтады. Оның ішінде 80 мыңы жараланса, 20 мыңы қаза тапқан. Қаза тапқандардың басым бөлігі вагнерліктер дейді ол. Ресей тарапы бұл ақпаратқа қатысты әлі мәлімдеме жасамады.

 

Соңғы рет Ресей қаза тапқандардың тізімін 2022 жылдың қыркүйек айында жариялап, онда 5937 адам деп көрсетті. Алайда бұл ақпаратқа тіпті ресейліктердің өзі күле қарайды.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар