Санкция: Қазақстан Ресейге болыспайды!

Қазақстан өз аумағын Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік бермейді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 


photo_399294.jpeg


«Бірде-бір Қазақстандық компания санкцияға түскен жоқ. Біз өз территориямызды санкцияны айналып өту үшін пайдалануға  бермейміз»,-деді Айбек Смадияров. 


Журналистердің «Санкцияға түскен тауарларды Қазақстан Ресейге шығарды деген АҚШ өкілдерінің күдігі рас па?»- деген сұрағына СІМ өкілі: «Егер мұндай фактілер болса, бүгінде санкцияға ілігер едік», -деп жауап берді. 


Оның айтуынша, өткен аптада Қазақстанға келген  ЕО мен АҚШ өкілдері Қазақстан мемлекеттік органдарының өкілдеріне арналған семинарлар өткізген. 


«Біздің америкалық, еуропалық серіктестеріміз біздің мемлекеттік органдар қызметкерлерге  семинарлар өткізу үшін, біздің кәсіпкерлерге санкцияларға ұшырамау жолын үйретіп, оқытуға келді»,-деді Айбек Смадияров.


Айта кетейік, өткен аптада АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг Ресей Федерациясына батыстық санкциялардан жалтаруға көмектесетін қазақстандық компаниялар мен банктерге бар екенін, енді оларға санкция салынуы мүмкін екені айтқан еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар