Партизандар ұйықтамайды: Ресейде тағы жарылыс

 

Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарынан тыныштық қашты. Теміржол тораптары мен электр бағаналарын жарып жіберу жайттары артқан. Ресей қорғаныс министрлігі екі күнде екі бірдей теміржол торабына белгісіз топтың жарылғыш зат қойылып, жүк поездарын жарып жіберген ақпаратты растады.


1682930469410.jpg

 

1 мамыр күні Ресейдің Брянск облысына қарасты Унечск ауданындағы теміржолда жарылыс болып, жүк поезы аударылды. Поез мұнай өнімдерін тасумен айналысқан. Жарылыстан поездың 8 вагоны рельс сыртына шығып кеткен. Локомотив отқа оранып, мұнай өнімдері жерге төгілген. Аталмыш аймақтағы өзге поездар уақытша тоқтатылды. Жарылысқа қатысты Украина тарапы мәлімдеме жасамады, ал ресейлік тарап украин диверсанттарының ісі дегенді айтуда.


2 мамыр күні кешкі уақытта Брянск облысының Снежетьская станциясы маңында тағы да жарылыс болды. Бұл жолы локомотив пен 20 вагон аударылып қалған. Жергілікті билік өкілдері теміржолдың жұмысын тоқтатып тастады.


Екі жарылысты да бір топ ұйымдастырды дейді ресейлік әскери сарапшылар. Ал шетелдегі ресейлік оппозиция өкілдері болса жарылыстың артында өздері тұрғанын айтуда, дей-тұра ол ақпаратқа сенім артатындар аз. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар