ҚР Қорғаныс министрлігі: 9 мамырда Мәскеу парадына бармаймыз!

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 9 мамырда Мәскеуде өтетін әскери шеруге бармайтынын мәлімдеді.


photo_375346.jpeg


Журналистер министрден “9 мамырда Мәскеудегі шеруге барасыз ба?” деп сұрады.

"Жоқ", - деп қысқа қайырды Жақсылықов.


Ол ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бүкіл армия кеңесі өтетінін айтты.


Бұған дейін белгілі болғандай, Қорғаныс министрлігі Қазақстанда 9 мамырға арналған шерудің өтпейтінін айтқан. Оған бюджет қаржысын үнемдеу себеп болған.


 «Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі», - деп хабарлады ведомство.


Дегенмен «Россотрудничествоның» Алматыдағы өкілдігі 9 мамырдың құрметіне «Ажалсыз полк» шеруін онлайн режимде өткізуді жоспарлап отыр.  


«Әкелерімізді, аталарымыз бен арғы бабаларымызды, соғысты бастан өткерген батырларымызды, ұрыс даласында қаза тауып, хабарсыз кеткендерді еске алу мақсатында Алматыдағы Орыс үйі «Ажалсыз полк» онлайн-шеруін бастайды», - деп хабарлама таратты.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар