Қытайдың ізімен: Қазақстан 26 елмен визасыз режим жасамақ

Қазақстан 26 мемлекетпен өзара визасыз режим енгізбек. Қазір осы бағытта келіссөздер жүріп жатыр. Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және тағы басқа елдер бар.


e1fdfbd3f59deb74c4c46a929036df40_original.322417.jpg


«Азаматтары Қазақстанға келу үшін электрондық виза рәсімдей алатын елдердің тізімін көбейту және шақырту жіберудің күшін жою мәселелері қарастырылуда», - делінген министрлік хабарламасында.


Сондай-ақ, БАӘ резиденттері үшін визаны жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқыланып жатыр.


«Қазақстан шетелдік туристердің қызығушылығын тудырып отыр. Соған байланысты министрлік еліміздің туристік әлеуетін толық ашуды көздеп отыр. Туристер ағынын ұлғайтуға жұмыс істеліп жатыр. Сонымен қатар, министрлік көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктерді іске асырады», - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар