Wilson Center: «Ресей енді Еропалық держава емес»

Уилсон халықаралық зерттеу орталығы «Путин I Петр салып кеткен «Еуропаға жолды» түбегейлі жойды», деп жазды. 


bldgexterior_high_contrast.jpg


Ресей бөтен елге агрессия көрсетіп, нәтижесінде Еуропа Кеңесі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың еуропалық желісі сияқты бірқатар еуропалық институттардан шығарылды. 


Ресейдің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіру туралы өтініші қаралмайды. Ресейдің Еуропаға газ экспорты 1970 жылдардағы Брежнев дәуірінен де төмен түсті. 


Еуропа елдері Ресей агрессиясы мен әскери қылмыстары үшін ЕО-ға халықаралық трибунал құруды ұсынып отыр. Басқа институттар Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ветосына байланысты трибунал ұйымдастыра алмайды. 


Путиннің қазіргі бар мақсаты - Украинаны ЕО мен НАТО-ға қоспау. Путин үлкен еуразиялық интеграция саясатын насихаттай отырып, Ресейдің оқшаулай береді. 


2022 жылдың 23 қарашасында Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Ресейді терроризмді қолдаушы мемлекет деп таныды. Сонымен қатар, Ресейді ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Еуропалық желісінен, еуропалық Конституциялық соттар конференциясынан шықты.


Путиннің Ресейді әлемнен оқшаулауы елді қазіргі Еуропа жеткен бүкіл жетістіктен айырады. Мысалы: экономикалық интеграция, халықтың емін- еркін қозғалысы мен аумақтық тұтастық.



Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар