Бахмут шайқасы: «Вагнерді» «Ахмат» алмастырмақ...

Күні кеше ғана Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бастаған орыс әскери элитасын жерден алып, жерге салған Ресейлік олигарх һәм «Вагнер» ЖЭК жетекшісі Евгений Пригожин: «Оқ-дәрілердің жетіспеушілігінен біз 10 мамырда Бахмутты тастап шығамыз», - деген еді.

укпуңуғн.jpg

Пригожиннің мәлімдемесін біз Mezgil.kz сайтында сөзбе-сөз жарияладық.


Пригожин мен РФ Қорғаныс министрлігі арасындағы алы ауыз алауыздықтың шарықтау шегіне жеткенін әлем жұрты талқылап жатқан сәтте, Ресей президентіне ынта-шынтасымен қызмет ететін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров да үн қатқан. Ол өз сөзінде Бахмутты алу тапсырмасын орындаудағы «асқан ерлігі үшін» Евгений Пригожинге алғыс айта отырып: «Егер Бахмуттан «Вагнер» шықса, «Ахмат» жасағы кіреді. Бахмутты біз аламыз», - деп сөйлеген.


Бүгін Евгений Пригожиннің де бұл ұсынысқа кетәрі емес екендігі белгілі болды. Пригожиннің «Вагнер» өз позициясын «Ахмат» жасақтарына тапсырып беруге әзір екенін жеткізген аудио мәлімдемесі тарады.


«Мен Рамзан Ахматұлына алғыс айтамын. Ол өзінде бар күшке және қажетті күшке қол жеткізе алатынына қарай, Бахмуттағы «Вагнер» позицияларына келіп жайғасуға келіскені үшін рахмет. Мен қазірдің өзінде оның өкілдерімен байланыс орнатып жатырмын. Біз өз позицияларымызды «Ахмет» жасақтарына тапсырып беруге әзірміз. Біз 10 мамыр 00:00-де өзімізде бар оқ-дәрілерді түгел тауысамыз. Сол кезде бізздің әскери бауырларымыз бізді алмастыруы керек. олар біздің ісімізді жалғастыруы керек. Бахмутты алу үшін 2,5 шақырымнан аз ғана жер қалды. Бахмут сөзсіз біздікі болады», - деген мәлімдемеде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар