Жоқ мемлекеттің туына Қазақстанда шектеу жоқ па?

Алматыда 9 мамыр Жеңіс күніне орай тұрғындар акция өткізді. Өткізгенде жай өткізбей, 70 жыл бойы ұлттар түрмесіне айналған КСРО-ның туын көтере шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

еркер.jpg

КСРО-ның қызыл жалауын желбіретіп көшеге шыққандарға полиция «акцияның заңсыз екенін» түсіндіруге тырысқан.


Оқиғаны камераға түсірген тұрғынға митингке шыққан әйелдің бірі агрессия танытқан.


«Біз Жеңіс күнінің құметіне «Ураладық». Сіздің шамыңызға тиіп тұрған не нәрсе? Біздің көтеріп шыққан туымыз ба? Мына жерде орыстар жиналып тұрғасын келіп тұрсыз ба?» - дегенді айтқан.


Содан кейін акцияға қатысушы әйел ұялы телефонынан Қазақстан туы бейнеленген көлігінің суретін көрсете бастады.


«Мынау Қазақстанның тәуелсіздігі күніндегі тудың суреті. Қандай туды көріп тұрсыз? Суреттегі менің жеке көлігім. Мемлекеттік мерекеде сіздердің туларыңызды көтеріп шықтық. Бүгін 9 мамыр, соған сәйкес туды алып шығып тұрмыз»,-дейді әйел.


Осылайша, акцияға қатысушы тәуелсіз Қазақстан азаматтары арасында «Біздің ту мен сіздің ту» деген түсінііктіің бар екенін аңғартты.


Бейнежазбаның авторы «Алматы қаласының Прокуратурасынан осы видеодағы адамдардың іс-әркетіне құқықтық түсінік беруді сұраймыз. Құрметті оқырмандар, ұлт араздықты қоздыру бойынша қылмыстық жауапкершіліктің жүгі ауыр.


Полиция қызметкері не істерін білмей, басы қатып тұрғанын көруге болады»,- деп жазба қалдырды.


Кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов болған оқиғаға байланысты ресми жауабын берді. Министр қызыл туды жалаулатқандарға заң бойынша шектеу жоқ, сондықтан олардың ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді.


«Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, заңда шектеу болмаған соң оған (КСРО туын алып шығуға – ред.) рұқсат.  Алайда біз ашық қоғамда тұрамыз. Егер олардың әрекеті қоғамның наразылығын тудырғандықтан, ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді», – деді министр.


Сондай-ақ ведомство басшысы мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек екенін атап өткен.


Айта кетейік, Жеңіс күніне орай 28 панфиловшылар паркіне жиналғандардың қарасы көп болды. Олар бірнеше постсоветтік елдерде «Фашизмнің белгісі» болып саналатын «Георгий лентасын» тағып шыққан.

Әлеуметтік желі қолданушылары биылғы жылы КСРО-ның қызыл туы былтырғыдан көбірек екені айтып жатыр.


Патша заманында қалған «Георгий лентасын»  КСРО-ның мұрагері Ресей 2005 жылы жаңғыртып, Жеңіс күнінің белгісіне айналдырған еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар