Нұрлан имам "Бас имам" болып тағайындалды

Ел арасында Нұрлан имам атымен белгілі Нұрлан Байжігітұлы Асанов Астана қаласындағы Ырыскелді мешітіне Бас имам болып тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты Нұрлан имам өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады. Нұрлан имам Instagram және Тик-Ток желісінде тікелей эфир жүргізу арқылы ел арасында танымалдыққа ие болды. Нұрлан Асанов қазіргі уақытта телеарналарда түрлі діни бағыттағы бағдарламаларды жүргізіп, жас ұрпаққа тәрбие-тәлім беру мақсатында кездесулер ұйымдастырумен де айналысады. 


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар